Негізгі мазмұнға өту
Жаңалықтар

Кәсіпорын қызметкерлері «Energy Transition toward Carbon Neutrality» бағдарламасына қатысты

2026 жылғы 12–29 мамыр аралығында өткен халықаралық оқу бағдарламасы көміртексіздендіру және энергетикалық ауысу мәселелеріне арналды.

2026 жылғы 12–29 мамыр аралығында Жапонияда JCCP (Japan Cooperation Center for Petroleum and Sustainable Energy) ұйымдастырған «Energy Transition Toward Carbon Neutrality» халықаралық оқу бағдарламасына «Қаламқас» ГТЭС ӨҚ-ң жылу инженері Қобылан Дулат Жалғасұлы қатысу мүмкіндігіне ие болды.

Курс барысында Токио, Йокогама және Яманаси префектураларында орналасқан жетекші университеттер мен компанияларға техникалық сапарлар ұйымдастырылды. Атап айтқанда, қатысушылар Tokyo University, Yamanashi University, JERA, Tokyo Gas, Japan CCS, JAPEX, Kawasaki Heavy Industries, Toyota Motor Corporation, JGC Corporation, Cosmo Oil, FC Cubic, Air Water және басқа да ұйымдардың көміртек бейтараптығы, CCUS, сутегі энергетикасы, LNG, энергия тиімділігі және декарбонизация бағытындағы жобаларымен танысты.

Сонымен қатар, Жапония Үкіметінің көміртек бейтараптығына көшу саясаты, көмірқышқыл газын ұстау және сақтау технологиялары (CCS/CCUS), сутегі өндірісі мен тасымалдау инфрақұрылымы, жаңартылатын энергия көздерін дамыту және өнеркәсіп секторындағы парниктік газдар шығарындыларын азайту шаралары бойынша дәрістер мен пікірталастар өткізілді.

Бағдарламаға әртүрлі елден келген мамандар қатысып, энергия саласындағы өзекті мәселелер мен болашақтағы мүмкіндіктер бойынша тәжірибе алмасты.

АРББ (біліктілікті арттыру) маманы

Дүйсенова Д.Б.