Негізгі мазмұнға өту
Жаңалықтар

"SK Talks"жастар жобасы

"SK Talks"жастар жобасы

2026 жылдың 16 қазан күні «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының жас қызметкерлері арасында тәжірибе алмасу, кәсіби даму және өзекті өндірістік мәселелерді талқылау мақсатында «SK Talks» жобасы іске қосылды. Жобаның негізгі мақсаты – жас мамандар үшін ашық диалог алаңын қалыптастыру, кәсіби тәжірибе алмасуға, мансаптық даму мәселелерін талқылауға, озық тәжірибелер мен тиімді шешімдерді бөлісуге мүмкіндік жасау, сондай-ақ жастардың ынтасын арттырып, корпоративтік өзара байланысты нығайту. Ақтау қаласы, 6 ш/а 50 ғимаратта орналасқан Маңғыстау облыстық жастар ресурстық орталығына компания тарапынан 6 қатысушы жас маман қатысты.