Ашық диалог
Қызметкерлермен ашық диалог: Ұжымдық шарттың ережелерін түсіндіру
2026 жылғы 28 және 30 қазанда Қаламқас және Жетібай кен орындарында әлеуметтік-әкімшілік бөлім, адами ресурстарды басқару бөлімі және қаржы блогы өкілдерінің қатысуымен компания қызметкерлерімен кездесулер өтті.
Кездесу барысында компанияның бекітілген ұжымдық шартының негізгі ережелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Қызметкерлерді толғандыратын мәселелерге, сондай-ақ шартта көзделген әлеуметтік кепілдіктер мен жеңілдіктерді іске асырудың практикалық аспектілеріне ерекше назар аударылды.
Қызметкерлер тікелей жетекшілік ететін бөлімшелердің басшыларынан құзыретті және шынайы жауаптар алды, бұл ашық диалогты қамтамасыз етуге, ақпараттандыруды арттыруға және өзекті мәселелер бойынша айқындықты енгізуге мүмкіндік берді.
Кездесулердің мұндай форматы қызметкерлер мен компания басшылығы арасындағы өзара түсіністікті нығайтуға, сондай-ақ сындарлы диалогты қалыптастыруға ықпал етеді.
Осы бағыттағы жұмыс жалғасатын болады. Бейінді бөлімшелердің өкілдері алдағы уақытта да еңбек ұжымдарымен түсіндіру кездесулерін өткізіп, қызметкерлерді уақтылы хабардар етуді және оларды қызықтыратын мәселелер бойынша кері байланысты қамтамасыз ететін болады.
