Негізгі мазмұнға өту
Жаңалықтар

Республика күнімен

Республика күнімен

Баршаңызды еліміздің ұлттық мерекесі — Республика күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Бұл — елдігіміз бен егемендігімізді айшықтайтын, халқымыздың бірлігі мен Отанға деген сүйіспеншілігін дәріптейтін ерекше күн. Әрқайсыңыздың еңбектеріңіз — компаниямыздың дамуына, өндірістік жетістіктеріміздің артуына және еліміздің өркендеуіне қосылған маңызды үлес. Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық пен береке, еңбектеріңізге толағай табыс тілейміз! Еліміз тыныш, аспанымыз ашық, бірлігіміз бекем, болашағымыз жарқын болсын! Республика күні құтты болсын!

«Маңғыстауэнергомұнай» ЖШС ұжымы