Негізгі мазмұнға өту
Жаңалықтар

1 қазан - Халықаралық қарттар күні

1 қазан - Халықаралық қарттар күні

Құрметті ардагерлер, аяулы аға-апалар! Сіздерді Қарттар күнімен «Маңғыстауэнергомұнай» ЖШС ұжымы атынан шын жүректен құттықтаймыз! Сіздер — өмірлік тәжірибелеріңізбен, еңбектеріңізбен кейінгі ұрпаққа жол көрсетіп, өнегелі із қалдырған ардақты жандарсыздар. Компаниямыздың қалыптасуы мен дамуына қосқан еңбектеріңіз үшін алғысымызды білдіреміз. Сіздерге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыларыңызға амандық пен береке тілейміз! Әрбір атқан таң қуаныш пен жақсы жаңалыққа толы болсын. Балаларыңыз бен немерелеріңіздің қызығын көріп, әрдайым құрмет пен қамқорлыққа бөленіп жүріңіздер. Дендеріңіз сау, көңілдеріңіз шат, шаңырақтарыңыз берекелі болсын! Қарттықтарыңыз қадірлі, ғұмырларыңыз мәнді де сәнді болсын!

Ізгі ниетпен, «Маңғыстауэнергомұнай» ЖШС ұжымы 🌷