«OiLeaders» жобасы
Біздің мақтанышымыз!
Асылбек Ордабаев: «Маңғыстауэнергомұнай» ЖШС Жастар советінің төрағасы: «OiLeaders» жобасын қолдаған басшылыққа және барлық бөлімшелерге алғысымызды білдіреміз! Ең алдымен, «OiLeaders» жобасына қатысу барысында бізге қолдау көрсетіп, сенім білдірген компания басшылығына және барлық бөлімшелерге шынайы алғысымызды білдіреміз! Сіздердің қолдауларыңыз бен көмектеріңіз біз үшін өте маңызды. «OiLeaders» жобасының алғашқы кезеңіне «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ компаниялар тобы бойынша 500-ден астам жас маман қатысты. Біздің компанияның атынан 11 жас маман қатысып, олардың 9-ы екінші кезеңге өтті. Екінші кезеңнің қорытындысы бойынша 7 әріптесіміз ТОП-200 үздік қатысушының қатарына енді. Нәтижесінде олар тамыз айында Астана қаласындағы «Бейбарыс» демалыс базасында өткен жастар форумына қатысу мүмкіндігіне ие болды. Ал бүгін бізді тағы бір қуанышты жаңалық күтіп тұр! Жобаның ТОП-100 қатысушысының тізіміне біздің компанияның 4 өкілі енді! Бұл — үлкен жетістік әрі жастарымыздың әлеуетінің, ізденісінің және дамуға деген ұмтылысының айқын дәлелі. Бүгіннен бастап Ақтау қаласындағы Rixos Water World Aktau қонақүйінде алғашқы оқу модулі басталады. Алда жаңа білім, тәжірибе алмасу, көшбасшылық қабілеттерді дамыту және жобаларды жүзеге асыру кезеңдері күтіп тұр. Алайда бұл әлі соңы емес! Барлық оқу модульдерін аяқтап, жобаларды қорғағаннан кейін қатысушыларды келесі маңызды кезең — ТОП-20 қатарына ену және «ҚазМұнайГаз» компаниялар тобының кадрлық резервіне қосылу мүмкіндігі күтіп тұр. Сондықтан біздің жас әріптестерімізге алдағы кезеңдерде табандылық, жігер, күш-қуат және сәттілік тілейміз! Бар білімдеріңіз бен қабілеттеріңізді көрсетіп, аянбай еңбек етіп, алға қойған мақсаттарыңызға жетіңіздер! Біз сіздермен мақтанамыз және сіздерге сенеміз! Еңбектеріңіз жемісті болып, барлық кезеңнен сүрінбей өтіп, ТОП-20 қатарына еніп, «ҚазМұнайГаздың» кадрлық резервінен орын алуларыңызға тілектеспіз! Сондай-ақ бізді қолдап, сенім білдірген компания басшылығына, әріптестерімізге және барлық бөлімшелерге тағы да шын жүректен алғыс айтамыз! Құрметті әріптестер, жастарымызға сәттілік тілеп, қолдау білдірейік! Алға қойған мақсаттарыңыз орындалып, жаңа белестерді бағындыра беріңіздер! Бірге биік белестерге! 💙🚀
