Жаңалықтар
Ұстазын ұмытпаған шәкірт
«Самұрық-Қазына» қорының 20 жылдығына арналған «Самұрықнама: 20 игі іс» акциясының 12-ші игі ісі аясында «Маңғыстауэнергомұнай» ЖШС-нің жас маманы Ақтау қаласының 12-шағын ауданындағы №13 гимназияға барып, өзіне білім нәрін сыйлаған ұлағатты ұстазын Ұстаздар күнімен құттықтады. Жылдар өтеді, мамандық игеріледі, бірақ алғашқы ұстаздың орны әрқашан бөлек. Бүгінгі білікті маман — кешегі ұстаз еңбегінің жемісі. Ұстаздар қауымын кәсіби мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Еңбектеріңіз жемісті, шәкірттеріңіз мерейлі болсын!
#Самұрықнама #20игііс #СамұрықҚазына20 #МЭМ #ҰстаздарКүні
