Самұрықнама 20 игі іс: Мәдениет күні
Самұрықнама 20 игі іс: Мәдениет күні
Самұрықнама 20 игі іс: Мәдениет күні аясында "Маңғыстауэнергомұнай" ЖШС ұжымының өкілдері, көрнекті жазушы-драматург Тынымбай Нұрмағамбетовтің қаламынан туған, қазақ театрларында жиі сахналанатын екі бөлімді музыкалық комедия "Бес бойдаққа -бір той" спектаклінің көрермені болды. Сюжеті: Оқиға бір шаңырақ астында өмір сүріп жатқан Қырманбай қарт пен оның төрт ұлы — бес бойдақтың тұрмыс-тіршілігі мен басынан өткен қызықты жағдайлары туралы өрбиді. Жер ортасынан ауғанда кемпірі дүние салған Қырманбай ұлдарының үйленбей жүргеніне алаңдап, оларды отау құруға жұмылдырады Н.Жантөрин атындағы облыстық драмтеатрдың қойылымы көңілден шығардай, комедиялық көрініс болды. Зал толып, билеттің жоқтығына қарағанда, қала тұрғындарының мәдениет шараларына шын ниетпен қатысуы білінді.
