К основному содержанию
Мероприятия

Маңғыстау мұнайына - 65 жыл!

2026 жылдың 2-3 қыркүйгіне жоспарланған Мұнайшылар күні мерекесі кең көлемде Жетібай, Қаламқас кенорындарында атап өтілді.Мерекелік шарада «Маңғыстауэнергомұнай» ЖШС атынан еншілес компаниялар қатарында үлкен ақ үйін орнатып, кең дастарханын жайып, әріптестер мен қонақтарға ізгі тілегінжеткізді. Салтанатты жиында әріптестеріміз «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Асхат Хасеновтің және «Маңғыстаумұнайгаз»АҚ-ның Алғыс хаттарымен марапатталды. Еңбек ардагерлері мен зейнеткер аға- апаларымыз тойдың сыйлы қонақтары болып, ізгі тілектердің куәсі болдық. Сонымен қатар, серіктестік қызметкерлері арқан тарту, кір тасын көтеру және қол күресі сияқты спорттық сайыстарға қатысып жүлделі орындарға ие болды.Тапсырыс беруші компания – «Маңғыстаумунайгаз» АҚ ұйымдастырған керемет тойдың мәресі 4қыркүйек күні мерекелік гала концертпен жалғасын таппақ. Баршаңызды Мұнайшылар күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Еңбектеріңіз жемісті, мерейлеріңіз үстем болсын!