Негізгі мазмұнға өту
Жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Конституциясының негізгі ережелерін түсіндіру бойынша ақпараттық-түсіндіру іс-шарасы

Қазақстан Республикасының Конституциясын түсіндіру жөніндегі іс-шаралар жоспары (ҚР Үкіметінің 2026 ж. 8 сәуірдегі №237 қаулысымен бекітілген) және «Конституцияны насихаттау бойынша іс-шаралар тізбесі» (ҚР Президенті Әкімшілігінің 2026 ж.

Қазақстан Республикасының Конституциясын түсіндіру жөніндегі іс-шаралар жоспары (ҚР Үкіметінің 2026 ж. 8 сәуірдегі №237 қаулысымен бекітілген) және «Конституцияны насихаттау бойынша іс-шаралар тізбесі» (ҚР Президенті Әкімшілігінің 2026 ж. 20 сәуірдегі №26-32-35.67 тапсырмасы) шеңберінде 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдумда қабылданған Конституцияның негізгі ережелерін, құндылықтары мен нормаларын түсіндіруге бағытталған республикалық деңгейдегі ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

«Самұрық-Қазына» АҚ 21.04.2026 ж. №24-02.1-07/2223 тапсырмасына сәйкес: «Маңғыстауэнергомұнай» ЖШС-нің Ақтау қаласындағы кеңсе қызметкерлері үшін Қазақстан Республикасы Конституциясының нормаларын түсіндіруге арналған ақпараттық-түсіндіру іс-шарасы өтті.

Маңғыстау облысының қалалық, облыстық маслихат өкілдері, Ш.Есенов атындағы университет өкілдері түсіндіру жұмыстарын жүргізді

1) Шамшадинова Анар Амангелдіқызы - «AMANAT» партиясы Маңғыстау облыстық филиалы төрағасының орынбасары

2) Тумышев Нұри Лазарұлы - Маңғыстау облыстық мәслихатының депутаты

3) Зәкенов Сембіғали Төрешұлы - Ақтау қалалық маслихатының төрағасы, «Мұнайхимиялық инжиниринг» кафедрасының профессоры

4) Жаулин Киікбай Мыңбайұлы - Саяси ғылымдардың докторы, профессор

Бұл жұмыстар әлі де жалғасын тауып, Серіктестіктің Қаламқас, Жетібай кен орындарындағы қызметкерлерге жүргізіледі.